15 наурызда Астанада автобустармен тегін жүруге болады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 15 наурызда, Республикалық референдум күні, Астанадағы қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус маршрутарында жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты астаналық әкімдік баспасөз қызметі растады.
Министрлік мәліметіне сәйкес, бұл шара азаматтардың қозғалысын жеңілдету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілген.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-дан 23:00-ге дейін, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істейді.
"16 наурыздан бастап қоғамдық көлік әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады", – деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы мен Шымкент әкімдіктерінің баспасөз қызметтері де ұқсас хабарлама жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript