Блогер Жанәбіловтардың адвокаты ауысты

Блогер Жанәбіловтардың адвокаты ауысты , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 18:25 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 13 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты ісі бойынша олардың мүддесін енді басқа адвокат қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сот отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген адвокат Гаухар Айтжанова қазіргі уақытта осы іс бойынша жалғыз қорғаушы екенін және сотта айыпталушылардың мүддесін өзі қорғайтынын айтты.

Оның айтуынша, ол іске сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін ғана қосылған. Сондықтан бұрынғы адвокаттардың әрекеттеріне түсініктеме бермейтінін жеткізді. Сонымен қатар ол өз командасымен жұмыс істеп жатқанын және бұрынғы қорғаушылармен байланыс жасамайтынын айтты.

"Бұл қылмыстық істе белгілі бір дәлелдер бар, бірақ әзірге олар туралы пікір білдірмеймін. Өйткені негізгі сот талқылауы, өздеріңіз естігендей, 16-наурызға белгіленді. Біз іс материалдарын әлі толық зерттеуді бастаған жоқпыз. Сондықтан әзірге бұл іс бойынша басқа пікір айтылмайды, себебі бір нәрсе айтуға әлі ерте. Жалпы, қорғауымдағы адамдардың ұстанымын да әзірге жарияламаймын. Олар сотта жауап бергеннен кейін ғана бұл туралы айтуға болады", – деді Гаухар Айтжанова.

Ал Эльмира Төлегенова журналистің "неге адвокат ауыстырдыңыздар?" деген сұрағына жауап беріп, ешкімді ауыстырмағандарын, барлық адвокаттар өз орындарында екенін айтты.

Бұған дейін Гаухар Айтжанова Жанәбіловтар ісі бойынша қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініш жасаған еді. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: