Қазақстандағы референдумға қатысқандар саны: сағат 10:00 жағдай
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 наурызда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға қатысқан қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәліметтер Астана уақытымен сағат 10:00 жағдайына сәйкес.
ОСК мүшесі Ляззат Сүйіндік мәлімдегендей, бюллетеньдер 2 393 844 азаматқа берілген, бұл тізімдерге енгізілген жалпы азаматтар санының 19,21%-ын құрайды.
Өңірлер бойынша:
- Абай облысы – 17,98%
- Ақмола облысы – 19,82%
- Ақтөбе облысы – 21,80%
- Алматы облысы – 18,10%
- Атырау облысы – 19,44%
- Батыс Қазақстан облысы – 18,8%
- Жамбыл облысы – 18,49%
- Жетісу облысы – 21,01%
- Қарағанды облысы – 26,64%
- Қостанай облысы – 19,24%
- Қызылорда облысы – 24,02%
- Маңғыстау облысы – 18,53%
- Павлодар облысы – 16,36%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 18,72%
- Түркістан облысы – 21,21%
- Ұлытау облысы – 20,31%
- Шығыс Қазақстан облысы – 20,64%
- Астана – 20,68%
- Алматы – 9,54%
- Шымкент – 21,36%
Келесі дауыс беру белсенділігі туралы мәлімет сағат 12:00-де жарияланатын болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда Конституциялық реформа бойынша республикалық референдум басталды. ОСК елдегі ашылған дауыс беру учаскелерінің санын хабарлады.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі референдумға үгіт жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлаған болатын. Сонымен қатар, ОСК алдын ала бюллетеньдер тарату жөніндегі қауесеттерге түсініктеме берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript