Қазақстанның барлық аймағында референдум белсенді өтуде

Ел азаматтары жаңа Конституция бойынша жаппай дауыс беруде, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 10:56 Сурет: Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Еліміздің барлық аймағында жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум жалғасып жатыр.

Сайлау учаскелеріне халық көптеп келіп, өз таңдауларын жасап, мемлекет болашағына деген жоғары жауапкершілігін көрсетуде.

Сурет: Қарағанды қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы № 307 сайлау учаскесіне таңнан бастап ағылған халық қарасы әр сәт сайын қалыңдай түсуде.

Павлодар қаласындағы № 476 сайлау учаскесінде де тұрғындар үздіксіз келіп, ұйымдасқан түрде дауыс беріп жатыр. Ел ертеңінен үміт күткен халықтың белсенділігі жоғары.

Сурет: Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Маңғыстау облысының Қарақия ауданы сайлау учаскелерінде де таң атқаннан бастап тыныштық жоқ. Республикалық референдумға жеке азаматтармен қатар, ұжым болып қатысып, өз таңдауын жасап жатқандар көп.

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында жаңа Конституция жобасына дауыс беруге асыққан жұрт кезекте тұр. Олар оң өзгерістерге үміт артып отыр.

Айта кетейік, дауыс беру бүгін түнгі 20:00-ге дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: