Астана тұрғыны референдум учаскесінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Астана тұрғыны референдум учаскесінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 18:52 Сурет: видео скрині
Астанада жергілікті тұрғын республикалық референдум өтетін күнді пайдаланып, сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық өңірілік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

15 наурыз күні астаналық қыз бір күнде екі маңызды таңдау жасаған: әуелі жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беріп, учаскеден шыққаннан кейін сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысына келісімін берген.

Әсерлі сәттің видеосы тарады: жігіт қызға сақина мен гүл шоғын ұсынған кезде айналасындағылар оны қолдап, куәгерлер қол шапалақтап тұрған.

"Бүгін мен екі рет "иә" дедім – өз таңдауым мен үйлену туралы ұсынысқа", – деді толқыған қыз.

Бұл сәтті көрген қала тұрғындары жұпты суретке түсіріп, құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша референдумда 8,8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дауыс беру уақытының аяқталуына байланысты шетелдегі алғашқы сайлау учаскелері жабылғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: