Қазақстан қор биржасы: доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 15:52 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 17 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 479,02 теңгені құрап, 6,59 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы да арзандап, 5,83 теңгеге (-0,15) түсті. Ал қытай юанінің бағамы 69,61 теңгені құрап, 1,04 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 479,25–482 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 550,1–556,7 теңге болса, рубль 5,73–5,94 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар, 17 наурызда әлемдік мұнай бағасы өсім көрсетті. ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 3,70%-ға қымбаттап, барреліне 103,92 доллар болды.

Ал NYMEX алаңында WTI мұнайының мамыр фьючерстері 4,50%-ға өсіп, 96,62 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 486,2 теңге, еуроны 557,82 теңге, рубльді 6 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: