Есірткіге қарсы күрес: Түркістан облысында 7 келіден астам есірткі тәркіленді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 16:27 Фото: pexels
Жылдың алғашқы екі айында полицейлер 80-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан ірі көлемде есірткі тәркіледі.

Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі заңсыз жарнамаларға тосқауыл қойылып, профилактикалық жұмыстар кең ауқымда ұйымдастырылды.

Оның ішінде 10 қылмыстық, 68 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 4 есірткі сату, 4 контрабанда және 2 аса ірі көлемде сақтау дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 7 келіден астам есірткі тәркіленді, оның басым бөлігі – каннабис өнімдері.

Профилактика бағытында 350-ден астам түсіндіру іс-шарасы жүргізіліп, 33 мыңнан астам азамат қамтылды. Интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде 224 сайт бұғатталып, "Анти-фрод" жүйесі арқылы 454 күмәнді банк картасы анықталды.

Жедел-профилактикалық жұмыстар барысында 160 рейд өткізіліп, 235 есірткі жарнамасы жойылды. Сонымен қатар "Дәрмек" іс-шарасы аясында 2 қылмыстық дерек тіркелді. Есірткі қолданғаны үшін 235 құқық бұзушылық анықталып, тиісті материалдар сотқа жолданды.

Қазіргі таңда есірткі қылмыстарымен күресте жасанды интеллект пен заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: