Тұман, жел және найзағай: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 18:01 Фото: unsplash
"Қазгидромет" 2026 жылғы 22 наурызға Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен 13 облыста қауіпті ауа райы құбылыстарын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана: түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде: тұман, жолда көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

Шымкент: күндіз жаңбыр, найзағай. Жел күші күндіз 15-20 м/с.

Түркістан облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Жел күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Таулы аймақтарда тұман. Жел күші 15-20 м/с. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кейде тұман.

Атырау облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел күші 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл.

Абай облысы (оңтүстігі мен орталығы): тұман.

Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Өскеменде түнде және таңертең тұман.

Қарағанды облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Қарағандыда кейде тұман.

Ұлытау облысы: солтүстігі, шығысы, орталығы тұман. Жезқазғанда кейде тұман.

Қостанай облысы: батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ, тұман. Қостанайда тұман.

Павлодар облысы: оңтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Павлодарда тұман.

Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел күші күндіз 15-20 м/с. Петропавлда тұман, көктайғақ, жел күші күндіз 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы: солтүстік-шығысында күндіз жаңбыр, найзағай. Батысы, оңтүстігі, орталығы тұман. Ақтауда тұман.

Батыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 22 наурызға жалпы ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: