Қарағандыда тұрғындардың 15 млн теңгесін алаяқтықпен жымқырған күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 11:08 Фото: Zakon.kz
Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне мазмұны бір-біріне ұқсас көптеген арыз түсе бастаған.

Әрбір өтініште алаяқтықтың бірдей тәсілі баяндалған, тек келтірілген шығын көлемі ғана әртүрлі. Қазіргі таңда полиция 11 қылмыстық эпизодты тіркеді.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 15 миллион теңгеге жеткен. Аталған іс бойынша 32 жастағы Қарағанды тұрғыны күдікті ретінде анықталды.

Ол азаматтардың сенімін пайдаланып, балаларын жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіруге көмек көрсетуді ұсынған.

Жеңіл әрі беделді білім туралы уәделерін сенімді сөзбен, тіпті жалған құжаттармен бекітіп, ата-аналар мен талапкерлерді иландырған.

Әрбір дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу-жедел тобы күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: