Пойызда зат жоғалтсаңыз не істеу керек – қазақстандықтарға пайдалы нұсқаулық
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2026 жылғы 1 сәуірде маңызды әрі пайдалы жадынама жариялады. Онда қазақстандықтарға пойызда немесе вокзалда заттарын ұмытып кеткен жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер сіз пойыз жүріп кеткеннен кейін вагонда заттарыңызды ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз, келесі нұсқаулықты ұстану қажет:
- Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуіне дейін 10–40 минут уақыт қалса, жолаушы ұмыт қалған затын пойыз бригадасының қызметкерлерінен ала алады.
- Егер пойыз жүріп кеткен болса, жолаушы ресми @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтына немесе WhatsApp нөміріне +7 776 714 5686 арқылы жүгініп, жедел жауап ала алады.
- Жолаушы сондай-ақ, вокзал кезекшісіне барып, вагон нөмірін, орнын және ұмыт қалған заттардың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш қалдыра алады. Қажет болған жағдайда, заттарды өзіне жіберу туралы өтініш жаза алады.
- Егер жолсерік ұмыт қалған заттарды тапса, олар пойыз бастығына беріліп, қалыптастыру пунктіне жөнелтіледі. Заттар вокзалда сақталып, иесіне жеке куәлігін тексергеннен кейін беріледі.
Пойыздарға орнатылған бейнекамералар ұмытылған заттардың санын 92%-ға дейін төмендетті.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға жеке заттарын мұқият бақылауға және қажет болған жағдайда белгіленген нұсқаулыққа сәйкес көмек сұрауға кеңес береді.
Қажетті ақпаратты тегін "1433" нөмірі арқылы алуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript