Қазақстанда 109 жылдан кейін жаңа температуралық рекорд тіркелді

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 12:23 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы наурыз айы Қазақстанда ауа райының күрт құбылуымен ерекшеленді – қатты аяздан бастап аномальды жылуға дейінгі температура тіркелді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz-ке хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, айдың басында елдің басым бөлігінде Таймыр түбегінен келген арктикалық ауа массаларының әсерінен қатты суық ауа райы сақталған.

Мәселен, түнгі температура батыста –25°C-қа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста –35°C-қа дейін, ал оңтүстікте –20°C-қа дейін төмендеген.

"Бірқатар өңірлерде температуралық рекордтар тіркелді. Мысалы, 10 наурыз күні Петропавлда ауа температурасы –34,3°C-қа дейін төмендеп, 1917 жылы тіркелген ең төменгі көрсеткіш жаңартылды", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Алайда айдың үшінші онкүндігінде жағдай күрт өзгеріп, ел аумағына тұрақты жылымық келді.

Наурыздың соңына қарай бірқатар өңірлерде температуралық максимумдар жаңартылды. Атырауда ауа температурасы +23,5°C-қа дейін, Көкшетауда +15,1°C-қа дейін, Петропавлда +17°C-қа дейін, ал Түркістанда +31,5°C-қа дейін көтерілген.

Ай бойы Қазақстанда циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болды: жауын-шашын түсіп, кей жерлерде қатты жауын мен қар жауған, әсіресе оңтүстік өңірлерде.

Сондай-ақ Астанада наурыз айындағы орташа температура нормаға қарағанда 3,5°C-қа жоғары болған.

"Елордада ең төменгі температура –24,5°C, ең жоғарысы +16,7°C болды. Жауын-шашын мөлшері де нормадан жоғары тіркелді", – делінген метеорологтардың қорытындысында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: