Циклон әсері: Қазақстанда жауын-шашын мен аяз күтіледі

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 11:57 Фото: Zakon.kz
Қазақстанға қайтадан қысқы ауа райы оралады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 16–18 сәуірге арналған ауа райы болжамында хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Мәліметке сәйкес, аталған күндері Қазақстан аумағында ауа райына екі барикалық түзіліс әсер етеді.

"Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон елімізде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болады – жаңбыр және кей жерлерде қар түрінде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Мерзімнің соңына қарай солтүстік, шығыс және орталық өңірлер солтүстік антициклонның ықпалына түсіп, ауа температурасы төмендейді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Болжам бойынша ауа температурасы төмендейді:

Мерзімнің басында:

  • солтүстік өңірлерде түнде -1…-8°С, күндіз +1…+8°С.

Мерзімнің соңында:

  • шығыс өңірлерде түнде -2…-18°С, күндіз 0…+13°С.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Сонымен қатар, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың сәуір айында ел аумағына қайтадан жауын-шашын мен аяз оралатынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: