Мемлекет басшысы: Кітап оқу – ұлттың озық қасиетіне айналуы тиіс

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:31 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту мен ұрпақ тәрбиесіндегі оның рөліне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, кейбір интернет-платформалардың алгоритмдері балалардың психологиялық тәуелділікке түсуіне әсер ететіні халықаралық деңгейде мойындалған. Бұл жағдайдан сабақ алу қажет екенін атап өтті.

"Біз бұдан сабақ алуға тиіспіз. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін әлеуметтік желілер мен видеосервистердің бодауына беріп қоюға болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы институты мен білім беру жүйесін нығайтудың басты бағыттарының бірі – балаларды кітап оқуға баулу екенін ерекше айтты. Оның сөзінше, кітаптың тәрбиелік және танымдық мәні әлі де жоғары.

Президент кітаптың адам ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымды тереңдететінін және сенімділікті арттыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде Ұлттық кітап күнінің екінші рет аталып өтетінін айтып, бұл бастама отандық баспа ісін дамытуға және шетелдік үздік шығармаларды аударуға серпін беретінін жеткізді.

"Кітап оқу үрдісі төл дүниетанымымыздың ажырамас бөлігіне, ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн", – деді Тоқаев.

Президент ғалымдардың бұл бағытта маңызды рөл атқаратынын да атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: