Астанада жол жөндеу барысы: елордалық полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Пробки, машины, автомобили, трафик, дорога, пробка, перегруженный трафик, перегруженные дороги, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 16:56 Фото: Zakon.kz
Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты полиция жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік кептелісінің жиілеуіне орай елордалық полиция жүргізушілерден жол жүрісі қағидаттарын сақтауын және жолда жанжал тудырмауын сұрайды.

2026 жылғы жол-құрылыс маусымының басталуына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылып отыр. Алда болатын өзгерістер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарланады.

Жол жабынын жөндеу жұмысы қауіпсіздікті арттыру және сапалы жол инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс кезеңінде жүргізушілер үшін баламалы қозғалыс бағыттары ұйымдастырылады.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептелістерді азайту үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жыл басынан бері жол жабынын бүлдіргені үшін шамамен 30 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі жол қозғалысының жалпы ахуалына және жол үстіндегі адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: