2026 жылғы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтар бірқатар мерекелерді атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Биыл бұл күн жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 1–3 мамыр аралығында (жұма, сенбі, жексенбі) үш күн қатарынан демалады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейсенбіге түсіп, бір күн демалыс беріледі.
9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл мерекеде демалыс үш күнге созылады: 9–11 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбідегі демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
Сонымен қатар, 27 мамыр – Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс күні беріледі (сәрсенбі).
Осылайша, 2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтар:
- бес күндік жұмыс аптасында – 14 күн,
- алты күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript