Астана әуежайында жөндеу жұмыстары басталды: жолаушыларға үндеу жасалды
Фото: Zakon.kz
Астана әуежайында 2026 жылғы 15 сәуірден бастап жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушыларға арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолаушылардан әуежайға ертерек келу сұралады: ішкі рейстер бойынша кемінде 2 сағат бұрын, ал халықаралық рейстер бойынша кемінде 3 сағат бұрын келу қажет.
"Тексеру рәсімдері кезінде басқа жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін жолға шығар алдында қолжүк пен багаждың ішін алдын ала тексеріп, тыйым салынған заттар тізімімен танысуыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Тыйым салынған заттарға мыналар жатады:
- сұйықтықтар;
- өткір және кесетін заттар;
- қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өзге де заттар.
Бұл шаралар тіркеу және ұшар алдындағы тексеру аймақтарында жиналудың алдын алуға бағытталған.
"Қажет болған жағдайда терминал қызметкерлеріне жүгінуге болады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!" – деп атап өтті әуежай өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript