Ауыл шаруашылығы министрлігіне азаматтық қорғаныс бойынша жаңа өкілеттіктер берілді

Министерство сельского хозяйства РК, МСХ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 09:32 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 13 сәуірде қабылданған Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатқа сәйкес, министрлікке азаматтық қорғаныс саласында бірқатар жаңа міндеттер жүктелді. Енді ведомство азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеп, бекітеді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды салалық есепке алып, тиісті ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

Сонымен қатар министрлікке қарасты қызметтердің жұмысын үйлестіру, төтенше жағдайларды бақылау және болжау жүйелеріне басшылық жасау міндеті бекітілді. Бұдан бөлек, халық пен мамандарды оқыту, ғылыми зерттеулер жүргізу және азаматтық қорғаныс бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру да осы құрылымның құзыретіне кіреді.

Министрлік азаматтық қорғаныс саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етіп, мобилизациялық резервтің материалдық қорын қалыптастыру және сақтау бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізетін болады.

Сондай-ақ ведомство қарасты ұйымдарда өрттің алдын алу шараларын жүргізіп, азаматтық қорғаныс мүліктерінің қорын қалыптастырады және олардың сақталуы мен дайындық деңгейін тұрақты бақылауда ұстайды.

Қосымша, министрлік төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған жоспарларды әзірлеп, уәкілетті органмен келіседі, сондай-ақ қосалқы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, мемлекеттік материалдық резервтегі құндылықтарды пайдалану бойынша Үкіметке ұсыныс енгізу нормасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің функциялары толықтырылады:

  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтарды босату жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
  • мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу арқылы жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемдері, сондай-ақ номенклатура өзгерген жағдайда оларды босату бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервіне арналған материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстар орналастырады;
  • жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды жаңарту (освежение) тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі және мемлекеттік органдар – алушылармен, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу негізінде жаңартуға жататын және номенклатура өзгерген жағдайда босатылған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз береді;
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жұмылдыру резервіндегі материалдық құндылықтарды ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
  • жұмылдыру резервіндегі материалдық құндылықтарды сақтау мен жаңартуды ұйымдастырады;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша талаптарды орындайды.

Қаулы 2026 жылғы 13 сәуірден бастап күшіне енді, алайда кейбір нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: