Мемлекет қазақстандық өндірушілермен 456 млрд теңгеге келісімшарт жасасты
Фото: akorda.kz
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2026 жылғы 20 сәуірде Мәжілісте өткен отырыста отандық қамту үлесін арттыру мәселесіне қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 2024 жылдың наурыз айында Үкімет жеңіл, машина жасау, жиһаз, металлургия, химия, қағаз және құрылыс салаларына қатысты 4834-тен астам тауар позициясын ұлттық режимнен алып тастау тізімін бекіткен.
"Егер мұндай тауарларды сатып алу бойынша конкурс жарияланса, алдымен конкурс қазақстандық тауар өндірушілер арасында өткізіледі. Қазіргі таңда 2024 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттар көлемі 16%-ға артып, 456 млрд теңгеге жетті", – деді вице-министр.
Сонымен қатар ол Үкіметтің ұлттық режимнен алып тастау тетігінің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік органдардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 11 трлн теңгеден астам қаржы жұмсағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript