Алматыдағы пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты жаңа деректер айтылды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, железная дорога, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 13:52 Фото: Zakon.kz
Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты-нда өткен брифингте пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты істің жаңа мән-жайларын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында болған. Жолаушылар отырған вагон жекеменшік болған және онда жылу жеткіліксіз болғандықтан, иелері қосымша жылыту жүйесін орнатқан.

"Вагонда суық болғандықтан, қандай да бір жылыту құрылғысы қойылған. Алайда ол көмірқышқыл газын бөліп, адамдардың улануына себеп болған. Қазір бұл іс бойынша тергеу аяқталуға жақын", – деді министр.

Оның сөзінше, вагон иелері заң аясында жауапқа тартылады.

"Бұл жерде нақты заң бұзушылық бар. Бірақ оны толық дәлелдеу қажет. Қазір аталған вагон пайдаланудан шығарылып, теміржолдан алынды", – деп қосты Нұрлан Сауранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда пойыз вагонында 52 адамның уланғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: