Қазақстанға қандай мамандар жетіспейді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 12:28 Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 27 сәуір күні Мәжілісте өткен Үкімет сағатында еңбек нарығындағы мәселелер туралы айтып, елімізде бірқатар маңызды бағыттар бойынша білікті мамандар жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда болжам жасау, білім беру және еңбек нарығын бір жүйеге біріктіретін модель қалыптастырылған. Осыған байланысты еңбек нарығын алдын ала болжау кезеңіне өту жүзеге асырылып отыр.

"2025 жылы QS (Quacquarelli Symonds) компаниясымен бірлескен зерттеу басталды, HolonIQ платформасы енгізілуде. Бұл жүйе тек талдау жасап қана қоймай, экономиканың болашақтағы қажеттіліктерін де болжауға мүмкіндік береді. Біз алғаш рет халықаралық таксономия бойынша жұмыспен қамтудың толық көрінісін алдық, тапшылық бар құзыреттерді анықтадық және болашақ мамандықтарға болжам жасадық", – деді министр.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңнің нәтижелері бойынша негізгі сұраныс төрт негізгі бағытта қалыптасып отыр: деректер, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.

Сонымен қатар жаңа "гибридті мамандықтар" қалыптасып жатыр. Бұл – салалық білім мен жасанды интеллектті біріктіретін мамандықтар.

Министрдің айтуынша, қазіргі талдау Қазақстанда жеткілікті түрде даярланбай отырған сегіз негізгі кәсіби кластерді көрсеткен:

  • алдыңғы қатарлы өндіріс
  • цифрлық технологиялар
  • таза энергетика
  • қаржылық қызметтер
  • өмір туралы ғылымдар
  • қорғаныс саласы
  • креативті индустрия
  • кәсіби қызметтер

Айта кетейік, бұған дейін министр Саясат Нұрбек Қазақстанда қандай курстардың сертификаттары жарамды болатынын да түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: