Қазақстанда "Болашақ" стипендиясы өседі: мөлшері 10–15%-ға артуы мүмкін
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 28 сәуірде Үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің стипендиясын арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, "Болашақ" стипендиясы соңғы 15 жылдан бері көтерілмеген.
"Алайда әлем бойынша инфляция өсіп келеді. Кейбір стипендиаттар шетелге отбасымен бірге барады, ал бірқатар елдерде қазіргі стипендия жеткіліксіз болып жатады. Стипендияны арттыру мәселесі қаралу үстінде, нақты шешім келесі жылға қарай белгілі болады деп ойлаймын. Стипендия мөлшері ел мен қалаға байланысты өзгереді. Мысалы, Нью-Йоркте шамамен 2,2 мың доллар болса, басқа штаттарда төмен", – деді Абай Рахмет.
Сонымен қатар ол стипендияны арттыруға қаражат қайдан алынатынын да айтты.
"Нұсқалардың бірі – стипендия санын қысқартып, үнемделген қаражатты оның мөлшерін арттыруға бағыттау", – деді спикер.
Оның нақтылауынша, стипендия көлемі 10%-дан 15%-ға дейін ұлғаюы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандықтар тізімін қысқарту жоспарланып отырғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript