Қазақстанда бұқа экспортына салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 12:48 Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 30 сәуірдегі бұйрыққа сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге қатысты шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне ірі қара малдың бұқа экспортына алты ай мерзімге тыйым салынды.

Шектеу 2026 жылғы 30 сәуірден бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұқа экспортына салынған тыйым алғаш рет 2025 жылғы шілдеде енгізіліп, 30 қазанға дейін күшінде болған.

Кейін ол 2025 жылғы 5 қарашадан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: