Парламент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды қабылдады

Собаки, собака, бездомные животные, бездомные собаки, бродячие собаки, приют для бездомных животных, приют для животных, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 11:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 6 мамырда Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулермен "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын мақұлдады. Осылайша, құжат Парламентте толық қабылданып, Президенттің қол қоюына жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Ерболат Сатыбалдының айтуынша, Сенат енгізген өзгерістер аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің жануарларды ұстау қағидаларын және жануарларды ұстау орындарының санитарлық аймақтарының шекарасын белгілеу жөніндегі ұсыныстарын облыстық атқарушы органдарға енгізу құзыретін алып тастауға бағытталған.

Сонымен қатар, заңда "қаңғыбас жануарлар" ұғымы нақтыланып, жануардың сәйкестендіру құралының (чиптің) болмауы емес, иесінің болмауы негізгі критерий ретінде енгізілді.

Сондай-ақ ветеринар дәрігердің қорытындысы негізінде жануардың денсаулығы мен өмір сүру сапасы айтарлықтай нашарлаған жағдайда эвтаназия жасау мүмкіндігін қарастыратын норма толықтырылды, деді депутат.

Сондай-ақ мәслихаттарға қаңғыбас жануарлар санын реттеу тәртібі мен мерзімін белгілеу өкілеттігін беру ұсынылып отыр (мысықтардан басқа).

"Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты енгізген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілген түзетулермен келісуді ұсынады", – деп түйіндеді мәжілісмен.

2026 жылғы 25 сәуірде бұл заңға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірген болатын. Мемлекет басшысы жануарларды қорғау тәсілдерін күшейту және адамдардың олардың тағдыры үшін жауапкершілігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: