Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлер ерлігіне ерекше тоқталды

9 мая, День Победы, ветеран, ветераны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 13:06 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар мен әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, ерлік пен тарихи әділдік тақырыбына тоқталды.

Мемлекет басшысы батыр бабалардың рухы асқақ, намысы биік екенін ерлігімен дәлелдеп келгенін атап өтті. Оның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да қазақстандық жауынгерлер қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсеткен.

"500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Алайда көптеген майдангердің ерлігі еленбей қалғаны да жасырын емес. Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек. Бұл – біздің перзенттік парызымыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовтің ерлігін ерекше атап өтті.

"Соғыстың соңында ол взвод командирі ретінде қарулас жолдастарымен бірге Берлиннің Ратуша ғимаратына Жеңіс туын тікті. Бұл нацистік режимнің күйреуін көрсеткен, жауынгерлердің рухын көтерген тарихи сәт болды. Оның ерлігі туралы маршал Георгий Жуков пен басқа да қолбасшылар, сондай-ақ журналистер жазған. Алайда бұл ерлік осы уақытқа дейін лайықты бағасын алған жоқ", – деді Мемлекет басшысы.

Президент тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында арнайы шешім қабылданғанын жеткізді.


"Сондықтан мен Ұлы Отан соғысында көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы үшін марқұм Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, біз бүгін бір ел болып тарихи әділдікті қалпына келтіріп отырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: