Президент Қарулы күштерді технологиялық тұрғыдан жаңғыртуды тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар мен әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымы мен қорғаныс саласындағы басым бағыттарға тоқталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 13:10 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар мен әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымы мен қорғаныс саласындағы басым бағыттарға тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел екенін атап өтті.

"Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп есептейміз. Халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді", – деді Президент.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұстанымдар елдің қорғаныс қабілетін күшейту қажеттігін жоққа шығармайтынын айтты.

"Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуы тиіс. Сондықтан қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді ең алдымен технологиялық тұрғыдан жаңғырту қажет. Қарулы күштер мен әскери мекемелерді түбегейлі реформалау – стратегиялық маңызы зор міндет. Оны екі жыл ішінде жүзеге асыру керек", – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ елді қорғау – ең абыройлы қызмет екенін атап өтті.

"Халқымызда "Батыр елі үшін туады" деген сөз бар. Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет. Күштік құрылым қызметкерлерінің еңбегі – нағыз ерлік", – деді ол.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, оларға жаңа әскери атақтар мен сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Сондай-ақ бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталған.

"Баршаңызға құтты болсын! Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді. Сіздер жастарға үлгі болып, әрдайым ұлт мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: