Серік Жұманғарин: Қазақстандық бизнес Қырғызстанға кетпейді

Серик Жумангарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 12:45 Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 13 мамырда Мәжіліс кулуарында жаңа салық режиміне байланысты қазақстандық шағын және орта бизнес Қырғызстанға ауысуы мүмкін деген пікірлерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мұндай болжамдардың әлеуметтік желілерде айтылғанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, соңғы 18 айда жабылған 207 мың шағын және орта бизнес субъектісінің 99,5 мыңы ешқандай қызмет жүргізбеген, 13 мыңы қосымша екінші компаниялары бар субъектілер, 39 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өткен, ал 89 мыңы – нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлер.

"Қазір компаниялардың бизнесті бөлшектеуге ешқандай негізі жоқ, себебі біз екі салық режимінің арасында сенімді шектеу орнаттық. Бұрын бизнес Қырғызстанға кетеді деген пікірлер айтылды. Бірақ ол жақта да дәл сондай шектеу бар – Қырғызстан Салық кодексінің 236-бабы", – деді Жұманғарин.

Айта кетейік, бұған дейін Жұманғарин шағын және орта бизнестің жаппай жабылуына байланысты жұмыссыздық деңгейінің өсуі мүмкін деген сұраққа да пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: