Қазақстандықтардың табысы қалай өседі: ҰЭМ басшысы жоспарды түсіндірді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 15:34 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 13 мамырда Мәжіліс кулуарында қазақстандықтардың табысын арттыру бағдарламасы қандай бағыттарға негізделетінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бағдарламаны әзірлеу іс жүзінде аяқталған.

"Менің ойымша, мамыр айында оны таныстырамыз. Бағдарламаның ең басты ерекшелігі – тұрақты жұмыс орындарын құру. Бұдан басқа негізгі тетік жоқ. Қалғанының бәрі мемлекеттің қазіргі экономикалық жағдайына байланысты болады. Яғни мемлекеттік төлемдер, әлеуметтік төлемдер, зейнетақы және басқа да қолдау шаралары ел экономикасының ахуалына тәуелді", – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, бұл мақсатқа экономиканың нақты секторын дамыту арқылы жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын ашу есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.

"Салық реформасынан түсетін 2 трлн теңгенің 1 трлн теңгесін біз "Бәйтерек" холдингіне бөлдік. Оның мақсаты – жаңа кәсіпорындар ашу. Ірі әрі тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру. Ал қалған қаражат ауылдарға бағытталады. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Айтпақшы, биыл ауылдағы нақты жалақы өсімі байқалды. Бұл – нақты өсім тіркелген санаулы бағыттардың бірі. Кей салаларда, мысалы қаржы секторында және құрылыста жалақы төмендеді, ал ауылдық жерлерде өсті. Бұл – жақсы көрсеткіш", – деді министр.

Айта кетейік, 13 мамыр күні Серік Жұманғарин шағын және орта бизнес субъектілерінің жаппай жабылуына қатысты жағдайға да түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: