Президент: Ата-бабадан қалған мұраны заманауи құндылықтармен және озық технологиямен ұштастыру маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 15:22 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ата-бабадан қалған тарихи мұраны қазіргі заманғы құндылықтармен және озық технологиямен үйлестіру қажеттігін айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан әлемдік деңгейдегі маңызды геосаяси және өркениеттік орталық ретінде өз тарихи миссиясын қайта жаңғырту кезеңінде тұр.

"Біз әлемдегі маңызды геосаяси және өркениет орталығы ретінде өз тарихи миссиямызды қайта жаңғырта бастадық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үдерісте өскелең ұрпақтың рухы мен әлеуеті шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

"Бұл үдерісте халықтарымыздың, соның ішінде, өскелең ұрпақтың теңдессіз рухы мен күш-қуаты шешуші рөл атқарады", – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, тарихи мұраны қазіргі заман талаптарымен ұштастыру – стратегиялық міндет.

"Сондықтан ата-бабадан қалған мол мұраны қазіргі заманның құндылықтарымен және озық технологиямен ұштастыру – маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент тарихты зерттеу өткенмен өмір сүру емес екенін ерекше атап өтті.

"Тарихты зерттеу дегеніміз – өткенмен өмір сүру немесе көнені көксеу емес. Ескіліктің шырмауында қалу – надандық пен қараңғылыққа апаратын жол", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа Ата заңда мәдени мұра, білім мен ғылымды дамытуға ерекше мән берілгенін айтты.

"Біз осы қағиданы терең түсіне отырып, жаңа Ата заңда мәдени мұраларымызды сақтауға, білім мен ғылымды, инновацияны дамытуға айрықша басымдық бердік", – деді Президент.

Сондай-ақ ол жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу бастамасына тоқталды.

"Мен бір апта бұрын Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы арнайы Жарлыққа қол қойдым", – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі технологиялық өзгерістердің қарқыны адамзат болашағына тікелей әсер ететінін атап өтіп, осыған сай зерделі ұрпақ тәрбиелеу маңызды екенін түйіндеді.

Президент бұл бағытта көптеген бастаманы қолға алып жатырмыз.

Биыл тамызда елімізде ЮНЕСКО-ның қолдауымен жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді. Аталған білім додасына 100 елден келетін оқушылар мен студенттер қатыспақ.

Бұған қоса, елімізде "Дүниежүзілік көшпенділер ойындары", "Болашақ ойындары" сияқты бірегей жобалар кеңінен дәріптелуде. Сондай-ақ осы жылы күзде Астанада тұңғыш рет AI Film фестивалі өткізілмек.

Біз жаңа цифрлық және көлік дәліздерін, мәліметтерді сақтау орталықтарын ашу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол арқылы Ұлы Жібек жолын жаңаша сипатта жаңғыртып, көне ғасырлардағы әйгілі кітапханалардың заманауи нұсқасын ұсынуға мүмкіндік туады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: