Астана әуежайында арнайы техника мен төтенше жағдай қызметтері жұмылдырылады – жолаушыларға ескерту

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 09:23 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана әуежайы 2026 жылғы 22 мамырда жолаушылар мен қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған хабарламаға сәйкес, 22 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.

"Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының ТЖД, өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі және әуе компанияларымен бірлесіп төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін пысықтайды. Жаттығу кезінде әуежай аумағында арнайы техника, өрт сөндіру көліктері мен жедел қызмет мамандары болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Жолаушылар мен қала тұрғындарынан сабыр сақтап, өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарау сұралды. Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 мамырда Астана әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: