Алматыда жылу мен ыстық су тарифтері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап өзгерді

Батареи, отопление, теплоснабжение, тепло, система отопления, отопительная система, отсутствие отопления, холодные батареи, радиатор, радиатор отопления, радиаторы отопления, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 16:44 Фото: pexels
Алматы қаласы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының 2026 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің жылу энергиясын жеткізу, тарату және жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтеріне өзгерістер енгізілді.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап тұтынушылар санатына байланысты жылу энергиясын жеткізу қызметі бойынша сараланған тарифтер көтерілді. Бұл өзгеріс жылу есептегіш құралдарының бар-жоғына қарай анықталады.

Халық үшін тарифтер:

  • 1 Гкал үшін тариф 7503,35 теңгеден 7878,51 теңгеге (ҚҚС-сыз) өсті;
  • жалпыүйлік есептегіші жоқ тұтынушылар үшін – 9004,01 теңгеден 9454,21 теңгеге (ҚҚС-сыз) көтерілді;
  • жалпыүйлік есептегіші бар тұтынушылар үшін тариф 7364,88 теңгеден 7733,12 теңгеге өзгерді.

Сонымен қатар ыстық сумен жабдықтау тарифтері де қайта қаралды.

Ыстық су және жылу төлемдері:

  • есептегіш жоқ көпқабатты үйлерде (75 м дейін), орталықтандырылған жылу және ыстық су жүйесі бар үйлер үшін – бір адамға 2031,47 теңге (ҚҚС-сыз);
  • жеке есептегіш орнатылған жағдайда ыстық су тарифі – 1 м³ үшін 588,81 теңге.

Сондай-ақ тозығы жеткен, апатты жағдайдағы немесе барак типтес үйлерде тұратын, есептегіш орнату мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін арнайы тарифтер бекітілді.

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: