Мектептерде қорытынды емтихандар қашан басталады

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 12:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 26 мамырда өткен Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектері қандай емтихандар тапсыратынын және олардың қашан өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 9-сынып пен 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестация 2026 жылғы 29 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді. Бұл емтихандарға 9-сыныптың 343 мың оқушысы және 11-сыныптың 215 мың оқушысы қатысады.

"Емтихандар кестесіне сүйенсек, 9-сынып оқушылары үшін математика – 29 мамыр, таңдау пәні – 3 маусым, оқыту тілі – 8 маусым, тіл мен әдебиет – 11 маусымда өтеді. 11-сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы – 2 маусымда, алгебра және анализ бастамалары – 5 маусымда, оқыту тілі – 9 маусымда, таңдау пәні – 12 маусымда, тіл мен әдебиет – 15 маусымда болады",- деді ол.

Министрдің айтуынша, емтихан материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы оқу бағдарламасына сәйкес дайындайды.

"Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында барлық материалдар емтихан өтетін күні ғана білім беру ұйымдарына жіберіледі", – деді Оқу-ағарту министрі.

Бұған дейін Қазақстанда биылғы түлектер саны белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: