Депутат жекеменшік ұйымдардағы жалақыны көтеруді ұсынды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 15:18 Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев 2026 жылғы 28 мамырда жекеменшік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру және ең төменгі жалақы мөлшерін 150 мың теңгеге дейін ұлғайту мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

"Бұл үдерісте шағын және орта бизнес те маңызды рөл атқаруы керек деп санаймыз. Алайда кәсіпкерлердің қызметкерлеріне төленетін жалақы шығындарын арттыруына кедергі келтіріп отырған жүйелі мәселе бар. Кәсіпкерлер Салық кодексінің 724-бабында қарастырылған құқықтық және экономикалық қайшылыққа назар аударуда. Бұл бап жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін реттейді", – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл режим бастапқыда микро және шағын бизнесті қолдау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және кәсіпкерлікті заңды түрде дамытуға ынталандыру мақсатында енгізілген.

Алайда қолданыстағы редакцияға сәйкес, еңбекақы қорына жұмсалатын шығындарды салық салынатын табыстан тек айналымы 24 мың АЕК-ке жететін кәсіпкерлер ғана шегере алады. Бұл шамамен айына 104 млн теңге немесе жылына 1,2 млрд теңгеден астам айналымды құрайды.

"Кәсіпкердің қызметкерлеріне жұмсайтын барлық шығыны, оның ішінде жалақы, жеке табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру, БЖЗҚ, МӘМС жарналары және өзге де міндетті төлемдер осы норма бойынша салық салынатын табыстан алынып тасталады. Ал жылдық айналымы 1,2 млрд теңгеден аз кәсіпкерлер үшін жалақы мен әлеуметтік төлемдерге кеткен шығындарды қоса алғанда, барлық табысқа салық салынады. Әрине, мұндай жағдай кәсіпкерлерді жалақы қорын ұлғайтуға ынталандырмайды", – деді Азат Перуашев.

Депутаттың пікірінше, шағын және орта бизнес өкілдері бұл тәсілдің жалақыны көтеруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға кері әсер ететінін айтып отыр.

"Мұндай тәсіл кәсіпкерлерді ресми төлемдерді азайтуға, көлеңкелі экономикаға кетуге немесе бизнесті кеңейтуден бас тартуға итермелейді. Сондықтан жалақы өсімін ынталандыру, жұмыспен қамтуды заңдастыру және салық базасын кеңейту шаралары тек айналымы ірі бизнеске ғана емес, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын барлық бизнес субъектілеріне бірдей қолданылуы қажет", – деді депутат.

Бұған дейін Қазақстанда орташа жалақыны есептеу тәртібін өзгерту ұсынылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: