28 мамырдағы сауда-саттықта доллар мен рубль бағамы күрт өсті
Фото: pexels
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 485,55 теңгені құрап, 7,54 теңгеге қымбаттады.
Ресей рублінің бағамы 6,86 теңгеге жетіп, 0,21 теңгеге өсті.
Қытай юанінің бағамы 71,36 теңгені құрап, 1,30 теңгеге көтерілді.
Айырбастау пункттерінде доллар 482–485,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы – 560,4–567 теңге, ал рубль 6,56–6,70 теңге аралығында саудалануда.
28 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.
ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 2,55%-ға қымбаттап, барреліне 94,60 доллар болды.
Ал NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 2,50%-ға өсіп, барреліне 90,90 долларға жетті.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын – 477,48 теңге, еуроны – 555,83 теңге, рубльді – 6,65 теңге деңгейінде белгілеген болатын.