Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау енгізіледі

Маркировка товаров, маркировка товара, штрихкод, штрихкоды, код товара, серийный номер, код проверки, сканер для маркировки, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 10:27 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрық жобасында жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарының көмегімен таңбалау және олардың қозғалысын қадағалау қағидаларын бекіту көзделген.

Қағидалар Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі Үкіметтің 2025–2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары аясында әзірленген.

Құжат 12 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда елге импортталатын немесе ел ішінде өндірілетін барлық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі.

Таңбалау костюмдерге, жейделерге, трикотаж бұйымдарына, жасанды аң терісінен тігілген өнімдерге және киімнің өзге де түрлеріне қолданылады.

Осыған байланысты әрбір өнім бірлігіне арнайы Data Matrix коды қойылуы міндеттеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: