Серік Жұманғарин Қазақстанда салынатын үш ресейлік мектеп туралы пікір білдірді

Школа, школы, школьный кабинет, школьные кабинеты, класс, классы, школьные занятия, уроки , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 14:59 Фото: akorda.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысы аясында Қазақстанда ресейлік мектептердің құрылысы қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Жұманғариннің сөзінше, бұған дейін Ресей Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды ұсынған.

"Біз де өз кезегімізде Орынбор облысында, Омбы мен Астраханьда мектептер салу туралы бастама көтердік. Менің білуімше, Орынбордағы жер телімі келісілген, ал Астрахань мен Омбыдағы учаскелер бойынша келісу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы дайын болған соң, құжаттарға бір мезгілде қол қойылады. Барлық жерде оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін аралас мектептер болады. Мұнда да дәл солай – оқушылар қазақ тілін де, орыс тілін де оқиды", – деді министр.

Сондай-ақ ол мектеп құрылысының мерзіміне тоқталды.

"Келісімге қол қойылған бойда құрылыс басталады. Мектептер бір жылдан бір жарым жылға дейінгі мерзімде салынып бітеді", – деді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, 2026 жылғы 28 мамырда "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын қалау рәсімі өткен болатын. Жоба екі ел басшыларының келісімі негізінде жүзеге асырылуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: