"Алматыда қатты жел тұрады". Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Алматы, қатты жел, ТЖД, ескерту, 3 маусым, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 19:35 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. 2026 жылғы 3 маусымда мегаполисте найзағай ойнап, қатты жел тұратыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты төтеншеліктер қала тұрғындарына жүгініп, қауіпсіздік шаралары бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Алматы қалалық ТЖД атап өткендей, ауа райының нашарлауына байланысты демалғысы келетіндерге тауға шығудан бас тарту, ал жүргізушілерге көліктерін ағаштардың астына қоймау ұсынылады.

Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте найзағай ойнап, секундына 18 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан қатты жел тұрады деп болжанады.

Қолайсыз ауа райы Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарын қамтиды. Мұнда секундына соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрді қамтиды, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

"Дауыл ескертуге байланысты адамдарға ағаштардың, жарнамалық құрылымдардың және электр желілерінің маңызда тұрмау, сондай-ақ көліктерді ағаштың саясына және ықтимал қауіпті нысандардың жанына қалдырмау ұсынылады", - дейді ТЖД қызметкерлері 2026 жылғы 2 маусымда қала тұрғындарына.

Сонымен қатар, құтқарушылар қолайсыз ауа райы басылмайынша тауға барудан бас тарта тұруға кеңес береді. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу сұралады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатынын ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: