Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл - Тоқаев Тәуелсіздіктің 35 жылдығы туралы айтты

Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі мен дүниетанымы өзгеріп жатыр – Президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 12:45 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығы атап өтілетінін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие.

"Аталған мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алуымыз керек. Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: