Базалық мөлшерлеменің төмендеуі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді

Кредит, кредитование, займ, долг, долги, кредиты, займы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 16:20 Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 5 маусымдағы брифингте базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімнің әсерін азаматтар қашан сезіне бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің 1%-ға төмендеуі әрбір қазақстандықтың өміріне бірден әсер ете қоймайды.

"Негізі бұл құралдан не күтеміз? Әдетте базалық мөлшерлемеден кейін бизнес пен халыққа берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемелері өзгереді. Бірақ сонымен қатар депозит мөлшерлемелері де өзгереді. Экономикада осындай екі әсер қатар жүреді. Яғни, несие алғысы келетіндер үшін несие мөлшерлемелері бірден емес, біртіндеп төмендеуі мүмкін екенін атап өткім келеді. Ал депозиті бар азаматтар депозиттердің табыстылығы да біртіндеп азаятынын түсінуі керек", – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Оның сөзінше, бұл – қалыпты құбылыс, өйткені депозиттер банктердің қаржыландыру базасын қалыптастырады. Қаржыландыру құны арзандаған сайын банктер де несиені төмен пайызбен ұсына алады.

Бұған дейін Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: