ІІМ азаматтар мен ойын-сауық мекемелерінің иелеріне маңызды ескертумен жүгінді
Фото: freepik
Ішкі істер министрлігі "көңіл көтеретін газдың" заңсыз таралу жолдарын жабуда. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күрес жайлы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетіндігін еске салды.
"Мұндай заттардың тізбесіне жастар арасында "көңіл көтеретін газ" ретінде белгілі азот оксиді де енгізілген",- деп нақтылады Бақытжан Әмірханов.
Спикер ІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті тыйым салынған заттарды тарату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізетіндігін атап өтті.
"Жыл басынан бері республика бойынша 49 факт тіркеліп, 1,5 мыңнан астам баллон мен екі автоцистерна тәркіленді. Көрші мемлекеттен "көңіл көтеретін газды" жеткізу арнасы жойылды. Осы фактілердің барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды",- деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, ол күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін сот үкімі де заңды күшіне енгенін, оның шешімі бойынша кінәлі адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылатындығын айтты.
"ІІМ барлық азаматтарды, әсіресе түнгі ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін азот оксидін таратуға жол бермеуге шақырады. Тыйым салынған заттарды тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қатысы бар барлық адамдар жауапкершілікке тартылады".Бақытжан Әмірханов
Бұған дейін ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript