Астанада Ұлы Дала даңғылының бір бөлігі төрт күнге ішінара жабылады
Фото: Zakon.kz
Астанадағы сол жағалауда орналасқан ең ірі әрі ұзын даңғылдардың бірі – Ұлы Дала даңғылының бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының (А52) Жұмекен Нәжімеденов көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аралығында асфальт жамылғысын қайта төсеу жұмыстарын жүргізеді.
Жол жөндеу жұмыстары мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері аясында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 2026 жылғы 16–19 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Алайда жол толық жабылмайды. Қозғалыс жолдың бір бөлігі арқылы екі бағытта да ұйымдастырылады.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға кептелістерді болдырмау үшін жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", – деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript