Әуе және теміржол билеттері: баға айырмашылығы неден туындайды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезда, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, пассажиры поездов, пассажиры поезда , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 12:57 Фото: Zakon.kz
"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов 2026 жылғы 16 маусымда пойыз билеттерінің бағасына қатысты шағымдарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер пойыз билеттерінің кей жағдайларда ұшақ билеттерінен қымбат болатынын және бағаның өсуі күтіле ме деген сұрақ қойған.

"Мұнда ең алдымен салыстыру қай кезеңде жүргізіліп жатқанын ескеру маңызды. Теміржол билеттерінің бағасы жыл бойы бірқалыпты сақталады. Яғни маусымға немесе тәулік уақытына қарамастан бізде бірдей тариф қолданылады. Сіз айтқан 35 мың теңге – қаңтардан желтоқсанға дейін өзгермейтін баға. Баға жыл сайын Көлік министрлігімен жасалған келісімшартқа сәйкес индексацияланады", – деді Әнуар Ахметжанов.

Оның айтуынша, өткен жылғы инфляция деңгейі 12 пайыздан асқан, ал теміржол билеттерінің бағасы 1 сәуірден бастап тек 7 пайызға ғана өскен. Демек, тариф өсімі инфляция деңгейінен төмен.

"Енді әуе билеттерімен салыстыруға келсек, бұл жерде маңызды нюанстар бар. Кей кезеңдерде, әсіресе маусымаралық уақытта, әуе билеттері пойыз билеттерімен шамалас болуы мүмкін, тіпті кейде пойыз билеттері қымбат көрінуі ықтимал. Бірақ маусымның қызған кезінде әуе билеттері 70, 80, тіпті 100 мың теңгеге дейін жетеді. Сондықтан дұрыс салыстыру үшін жылдық орташа баға мен әртүрлі маусымдарды ескеру қажет", – деді ол.

Сондай-ақ ол авиация саласында сұраныс пен ұсынысқа байланысты динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданылатынын атап өтті.

"Көп жағдайда әуе билеттерінің құны теміржол билеттерінен әлдеқайда жоғары. Мұны кез келген сайттан тексеруге болады. Сондықтан бағаны дұрыс салыстыру үшін уақыт пен маусымды ескеру қажет", – деп түйіндеді ҚТЖ өкілі.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Stadler жаңа жолаушы вагондарының неге әлі күнге дейін іске қосылмағанын түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: