Министрлік спортшыларға төленетін ақшалай сыйақы шарттарын нақтылады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 09:18 Фото: Zakon.kz
Туризм және спорт министрі 2026 жылғы 3 маусымда халықаралық спорт жарыстарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы төлеу қағидаларына және мұндай сыйақылардың мөлшеріне қатысты ресми түсіндірмелерді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, бұл түсіндірме Қазақстан заңнамасын бірізді әрі дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге, нормаларды кеңінен түсіндірудің алдын алуға, сондай-ақ бюджет қаражатын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануға бағытталған.

Дене шынықтыру мен спорт саласын бюджет есебінен қаржыландыру белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Соның бірі – жоғары жетістіктер спорты және басым спорт түрлерін дамыту.

Осыған байланысты қағидаларда көзделген ақшалай сыйақылар жоғары жетістіктер спортын қолдауға арналған мемлекеттік қолдаудың арнайы түрі болып саналады және оларды кеңінен түсіндіруге жол берілмейді.

Жекелей спорт түрлерінде халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған әрбір спортшыға ақшалай сыйақы толық көлемде төленеді. Алайда халықаралық деңгейдегі кез келген жарыс мұндай төлемді алуға негіз бола бермейді.

Ақшалай сыйақы төмендегі талаптарға бір мезгілде сай келетін халықаралық жарыстардың нәтижелері үшін ғана беріледі:

  • жоғары жетістіктер спорты жүйесіне жатуы;
  • тиісті спорт түрі бойынша ресми мәртебеге ие болуы;
  • халықаралық спорт жарыстарының бекітілген тізбесіне енуі;
  • нәтижелердің белгіленген тәртіппен құжат жүзінде расталуы.

Сыйақылар республикалық бюджет қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін бөлінген қаражат шегінде төленеді. Сондықтан мұндай төлемдер мақсатты әрі шектеулі сипатқа ие.

Министрлік халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ жаттықтырушылар мен ұлттық құрама мүшелеріне берілетін сыйақы мөлшеріне қатысты да түсініктеме берді.

Әлем чемпионатында (ересектер арасында) қол жеткізілген нәтижелер үшін сыйақы:

  • олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерінде;
  • олимпиадалық емес спорт түрлерінде, егер жарысқа белгілі бір спорттық дисциплинада немесе салмақ дәрежесінде кемінде 20 елдің өкілдері қатысқан жағдайда төленеді.

Сыйақы тағайындау кезінде жарыстың атауы мен спортшының жүлделі орын алуы ғана емес, мынадай талаптар да ескеріледі:

  • жарыстың халықаралық спорт федерациясының ресми жарысы болуы немесе оның қолдауымен өтуі;
  • жарыстың халықаралық федерацияның ресми күнтізбесіне енгізілуі;
  • жарыстың ересектер санатында өткізілуі;
  • жоғары жетістіктер спорты жүйесіне сәйкестігі.

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемінде 20 ел өкілінің қатысуы міндетті талап болып саналады.

Егер жарыстың ересектер арасындағы әлем чемпионаты екені, халықаралық федерация күнтізбесіне енгізілгені немесе федерацияның қолдауымен өткізілгені расталмаса, сондай-ақ 20 елдің қатысу талабы орындалмаса, осы бұйрықта көзделген мөлшердегі сыйақыны төлеуге негіз болмайды.

Министрліктің атап өтуінше, ақшалай сыйақылар – халықаралық деңгейдегі ресми бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды, жаттықтырушыларды және ұлттық құрама мүшелерін ынталандыруға арналған мемлекеттік қолдау шарасы.

Бұйрық 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: