Мәди Такиев Қазақстанның сыртқы қарызы мен оны өтеуге кететін шығын көлемін атады

Счетная машина, счетная машина с тенге, зарплата, зарплаты, заработная плата, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 15:04 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс кулуарында мемлекеттік қарыз көлеміне қатысты пікір білдіріп, квазимемлекеттік сектордың көпмиллиардтық міндеттемелері жөніндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден Қазақстанның қазіргі мемлекеттік қарызының көлемі, оны өтеу мен қызмет көрсетуге жыл сайын қанша қаржы жұмсалатыны, қарыздардың мерзімі және қолданыстағы несие келісімдерінің саны туралы сұрады.

"Биыл қарыздарға қызмет көрсету мен оларды өтеуге бюджеттен 3,5 трлн теңге қарастырылған. Сонымен қатар қарыз портфелін әртараптандырудың арқасында биылдың өзінде 115 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік туды. Ал квазимемлекеттік сектордың қарыздарын біз мемлекеттік борыш құрамына қоспаймыз. Үкіметтің сыртқы қарызы 17 млрд АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімнің 4,5 пайызын құрайды. Кейбір жерде айтылып жүрген 180 млрд доллар – біздің мемлекеттік қарыз емес. Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы – 17 млрд доллар. Бұл көрсеткіш көптеген көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен", – деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығындарын мемлекеттік бюджет құрамына енгізу мүмкіндігі қарастырыла ма деген сауал қойды.

Министрдің айтуынша, квазимемлекеттік ұйымдар өз міндеттемелері бойынша өздері жауап береді.

"Бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара қарым-қатынасы. Олар қарызды өздері алады және өздері өтейді. Біз ол міндеттемелер бойынша мемлекеттік кепілдік берген жоқпыз. Мемлекеттік кепілдіктер тек белгілі бір жобаларға, мысалы жол жөндеуге беріледі және олардың көлемі шамамен 2–3 трлн теңгені құрайды. Ал 17 млрд доллардан асатын өзге қарыздарға мемлекеттік кепілдік берілмеген. Сондықтан мемлекет ол міндеттемелер үшін жауапты емес. Тағы да қайталаймын: Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы 17 млрд АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 4,5 пайызын құрайды. Қалған қарыздар бойынша мемлекет жауапкершілік алмайды", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның екі халықаралық банктен 470 млрд теңгеден астам қаржы қарыз алатыны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: