Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Ақордада Медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, елдің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 12:27 Сурет: akorda.kz
Бүгін 2026 жылдың 18 маусымында Ақордада Медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, елдің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел өміріндегі айрықша рөліне тоқталды.

Президент өз сөзінде Ақордада медицина қызметкерлерін қарсы алу дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын деймін", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы да медицина мамандары Ақордаға шақырылып, оларға құрмет көрсетілгенін еске салып, бұл игі дәстүрдің жалғасып келе жатқанына ризашылығын білдірді.

Президенттің айтуынша, халық үшін денсаулық – ең басты құндылық, ал медицина саласын дамыту – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі.

"Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады", – деді ол.

Мемлекет басшысы дәрігерлердің қоғам алдындағы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың азаматтардың денсаулығын нығайтуға қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

"Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Президент медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, олардың еңбегі ел тарапынан әрдайым жоғары бағаланатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: