Президент медицина қызметкерлеріне референдумдағы белсенділігі үшін алғыс білдірді
Сурет: akorda.kz
Ақордада өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан дәрігерлер мен медицина мамандарына ерекше ризашылығын жеткізді.
Президент өз сөзінде ел дамуының жаңа кезеңіне тоқталып, қоғамда ауқымды өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті.
"Қазір біз бәріміз Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалуда", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттің басты мақсаты – жас ұрпақ үшін қуатты әрі берік мемлекет қалыптастыру.
"Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын. Бұл – жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру", – деді Президент.
Мемлекет басшысы наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтардың жоғары белсенділік танытқанын ерекше атап өтті. Оның ішінде медицина саласының қызметкерлері де елдік іске белсене атсалысқан.
"Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты", – деді ол.
Президенттің айтуынша, халықтың бірлігі мен жауапкершілігі ел болашағына бағытталған маңызды қадамға жол ашты.
"Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript