Соңғы үш жылда медицина мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есе ұлғайды – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 12:39 Фото: akorda.kz
Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау шараларының кеңейтілгенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, мемлекет дәрігерлердің тек құқықтық қорғалуына ғана емес, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да басымдық беріп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі бірнеше есе артқанын атап өтті.

"Жалпы, мемлекет дәрігерлерді құқықтық тұрғыдан қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсіп келе жатқанын да айтты.

"Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді", – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар кадр тапшылығын азайтып, саладағы тұрақтылықты арттыруға ықпал етіп отыр.

Сонымен қатар Президент шалғай аймақтарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

"Сондай-ақ шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: