Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді – Тоқаев

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 13:14 Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, бұл бастама медициналық қызмет сапасын арттыруға және процестерді жеделдетуге елеулі ықпал етіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барлық салада, соның ішінде медицинада да озық технологияларды белсенді енгізіп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан озық технологияларды барлық салаға, соның ішінде медицинаға белсенді түрде енгізе бастады. Бұл – заман талабы. Осы бастама қазіргі таңда отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін беріп жатыр", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, цифрландыру нақты нәтижелер беріп үлгерген.

"Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды. Сондай-ақ қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды интеллекттің дәрігерлер жұмысына да қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.

"Жасанды интеллект дәрігерлерге күрделі клиникалық шешімдерді қабылдауға септігін тигізуде", – деді ол.

Сонымен қатар Президент еліміздегі медициналық мекемелердің цифрлық жүйеге көшуі мен әкімшілік жүктеменің азайғанын атап өтті.

"Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді. Ақпараттық жүйелерді өзара байланыстыру арқылы әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: