Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтуде

Зона таможенного контроля, таможенный контроль, таможня, таможенная граница, граница, проверка на таможне, таможенная проверка, осмотр на таможне, таможенный осмотр, таможенный досмотр, работник зоны таможенного контроля, работники зоны таможенного контроля, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 14:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 18 маусымда Сенат кулуарында Қазақстанға заңсыз көші-қон ағынының арту ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер босқындар мен мигранттар ағынының өсуіне байланысты шекаралық бақылауды күшейтіп жатыр.

"Шенген келісіміне мүше елдерде шекарадағы бақылау күшейтілуде, өйткені босқындар саны артып келеді. Әрине, заңсыз көші-қон мәселесі де бар. Сондықтан бұл мемлекеттер бақылауды қатаңдатып отыр", – деді Ермек Көшербаев.

Оның сөзінше, Қазақстан да осы бағытта тиісті шаралар қабылдап жатыр.

"Біз де заңсыз көші-қон көлемі мен санын азайтуға, тіпті оны толықтай жоюға күш салып келеміз", – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы шетел азаматтарына маңызды ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: