Қазақстанда ЖОО-ларға құжат қабылдау басталатын күн белгілі болды

Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, обучение, медицинский университет, медицинский вуз, медучилище, медицинский колледж, медколледж, медицинский факультет, медицинское учебное заведение, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 11:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиялары қашан жұмысын бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, құжат қабылдау процесі барлық жоғары оқу орындарында белгіленген кестеге сәйкес басталады.

ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер талапкер таңдаған жоғары оқу орнына қарамастан кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өтініштерді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу шекті балы – 65 балл, басқа жоо-ларға 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – 75 балл.

Бұл ретте "Қазақстан тарихы" және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алатынын айта кеткен жөн.

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады.

Талапкерлердің назарын шығармашылық және арнайы емтихандарды өткізу тәртібі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқуға түсуге қатысты өзге де мәселелер бойынша өздерін қызықтыратын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тікелей жүгінуге шақырамыз.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: