Қазақстанда аптап ыстық күшейеді: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 13:26 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 20–22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі.

"21-22 маусым күндері Қазақстанның солтүстік-батысында және орталық өңірлерінде ауа температурасы +40...+41 градусқа дейін жететін қатты ыстық күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Болжамға сәйкес, тек еліміздің батысында ғана аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +22...+33 градус шамасында болады.

Сонымен қатар демалыс күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін.

"21-22 маусым күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде", – деп мәлімдеді синоптиктер.

Бұған дейін мамандар шілде айында Қазақстанның кей өңірлерінде ауа температурасы +50 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: